Оқиға • 08 Қараша, 2021

Ақмолада газ-ауа қоспасынан үй иесі көз жұмды

533 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола ТЖД-не сілтеме жасап.

Ақмолада газ-ауа қоспасынан үй иесі көз жұмды

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған.

Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.

«Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.