ҚР Энергетика министрлігі «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы мен тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұсынылып отырған заң жобасы электр энергетикасының жұмыс істеу нормаларын, оның ішінде ұлттық электр желісін, электр энергиясы нарығын қалыптастыру және оның қызметінің негіздерін белгілейді.
«Сонымен қатар, электр энергиясы нарығының құрылымы жылу энергиясы нарығынан түбегейлі айырмашылыққа ие. Осыған байланысты жылу және электр энергетикасы салаларын нақты ажыратуды қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, электр энергетикасы саласына қатысты тұтас алғанда бүкіл саланың жай-күйі мен дамуына жауапты уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі айқындалды. Ал жылу энергетикасына қатысты тұтас алғанда бүкіл салаға жауапты уәкілетті орган жоқ», делінген құжатта.
Жылумен жабдықтау саласында жұмыс істейтін субъектілердің, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қағидаттар мен нормаларды белгілеу және орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының рөлі мен функцияларын айқындау жоспарлануда.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, сала үшін берік мамандандырылған құқықтық базаның болмауы нақты және маңызды проблемаларға - жылумен жабдықтау жүйелерінің даму қарқынының жеткіліксіздігіне, салаға инвестициялардың төмен деңгейіне, жылу энергетикасының тұрақты және әлеуметтік бағдарланған дамудағы негізгі нысаналы көрсеткіштерден артта қалуына алып келді.
«Жаңа заңнама саланың технологиялық жаңаруын, тұтынушыға сенімді, сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін, бюджетке ең аз жүктеме түсіре отырып, қызмет көрсету кезінде шығарындылардың үлестік және абсолюттік деңгейін қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс», деп есептейді Энергетика министрлігі.
Құжаттың толық мәтінін 26 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады.
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 22:14
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Қоғам • Бүгін, 21:38
Тазы асыраушы Президентке Наурыз есімді күшікті сыйға берді
Президент • Бүгін, 21:13
Рамазан айында қай автобустар тегін қатынайды?
Қоғам • Бүгін, 21:03
Тараздық полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты
Оқиға • Бүгін, 20:24
Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:05
Ұқсас жаңалықтар