Бұл туралы «Лада» басылымы мәлімдеді.
Облыстық ТЖД мәліметінше, ғимарат қирандыларының астында тағы екі газ баллоны болуы мүмкін.
«Сауда үйінің иесінен алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша, осы жерде болуы мүмкін газ баллондарының саны анықталды. Біздің қызметкерлер екі газ баллонын алып шықты, тағы екі газ баллоны үйінді астында қалуы мүмкін. Жарылыс болу қаупі әлі де бар», деді Азамат Сейталин.