Елорда • 08 Қараша, 2021

Нұр-Сұлтанға Pfizer вакцинасына арналған мұздатқыш камералар жеткізілді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Pfizer вакцинасын сақтауға арналған мұздатқыш камералары келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанға Pfizer вакцинасына арналған мұздатқыш камералар жеткізілді

Өткен демалыс күндері -45-тен -80 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейтін екі мұздатқыш жеткізілді. Вакцина егу кабинеттеріне арнайы термоконтейнерлермен жеткізіледі.

«Бірінші кезеңде жасөспірімдер мен жүкті әйелдерді Pfizer вакцинасымен вакцинациялау тек медициналық ұйымдар жанындағы екпе пунктерінде жоспарланған. Pfizer қаланың медициналық мекемелеріне түскені туралы қосымша хабарланатын болады.

Қала бойынша барлығы 90-нан астам вакцинация пункті жұмыс істейді, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда», делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгінде елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 453 мыңға жуық адам алды, 418 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті.