Қазақстан • 08 Қараша, 2021

Аида Балаева Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесті

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева АҚШ-тың ҚР-дағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аида Балаева Қазақстандағы АҚШ елшілігінің өкілдерімен кездесті

«30 жыл бойы Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынастар ұдайы өсу және нығаю жолында дамып келеді»,  деді А.Балаева.

Күн тәртібінде медиасфераны жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ террористік белсенді аймақтардан оралған азаматтарымызды оңалту мәселелері болды.

ь

Кездесуге ҚР АҚДМ Ақпарат, дін істері комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ АҚШ елшілігінің саяси мәселелер, БАҚ мәселелері бойынша жауапты қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, А.Балаева QazForum қазақ тіліндегі контентті жасаушылардың V Форумын іске асырғаны үшін Джуди Куоға алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу қарсаңында QazForum осы жылдың 5 қарашасында Нұр-Сұлтанда өткен болатын.