Қостанай облысында мобильді кино фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге жасы 16-дан асқан, бойында қабілеті, қалтасында смартфоны бар кез келген тұрғын қатыса алады. Ең бастысы, шағын фильмде әуесқой автордың шығармашылық ізденісі айқын көрінуге тиіс.

Нақтылай айтқанда, байқауға қатысушы бір фильмде сан қырынан көрініп, сценарист, режиссер, оператор, монтаж, тіпті актер ретінде де өз шеберлігімен ерекшеленуі керек.
Фестивальді ұйымдастырушы белгілі режиссер Фархат Серкебаев қатысушылардың қатары күннен-күнге көбейіп келе жатқанын айтады. Үміткерлер «Үздік режиссура», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік әлеуметтік ролик», «Үздік мотивациялық ролик», «Үздік комедия», «Көрермендер көзайымы» сияқты 7 аталым бойынша бақ сынайды.
– Жобаның басты ерекшелігі сол – кез келген адам өз фильмін мобильді құрылғысына түсіре алады. Ол үшін үлкен түсірілім тобы да, аппаратура да, арнайы алаң да қажет емес. 5 минуттан аспайтын фильммен байқау жеңімпазы атануға әркімнің мүмкіндігі бар. Жанрлық шектеу де жоқ. Ол әлеуметтік драма бола ма, әлде комедия ма, ең бастысы, идеяға мән беріледі. Ауқымды жобамызды «Қазақфильм» киностудиясы қолдап отыр, деді Ф.Серкебаев.
Ұйымдастырушының айтуынша, шараның бастапқы мақсаты Тобыл өңірінің тұрғындары арасынан үздіктерді іріктеу болатын. Бірақ соған қарамастан, фестиваль сайтына Алматы, Шымкент, Тараз, Орал қалаларының тұрғындары да материалдарын жүктеген. Сондықтан, екпінді Қостанай облысына салып, әлі де көп қатысушының өтінім беруін күту жоспарда бар.
Фестиваль ережесіне сәйкес, 10-20 қараша аралығында іріктеу айналымы өтіп, 26 қарашада жеңімпаздар марапатталуы тиіс. Жеңімпаздарға монтаж жасауға арналған компьютер, қымбат смартфон, дрон секілді бағалы сыйлықтар табыс етіледі.
Қостанай облысы
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар