Оқиға • 09 Қараша, 2021

Түркістан облысында кір жуатын ұнтақты заңсыз өндірген цех анықталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері контрафактілік кір жуу ұнтақтарын дайындайтын астыртын цех қызметінің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.

Түркістан облысында кір жуатын ұнтақты заңсыз өндірген цех анықталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан қаласының тұрғыны Р. Абдуллаев «Иштихат» тұрғын алабы, Доспанбет жырау көшесі мекенжайы бойынша цех ұйымдастырғаны, онда заңсыз жолмен «Ariel», «Тide», «Миф», «Persil» маркалы 2, 3, 6 кг көлемдегі ұнтақтар дайындағаны анықталды.

Ұнтақтарды буып-түюге және өлшеп-орауға арналған 7 жабдық, 500-ден астам ұнтақ қаптамасы, 20 кг-дық 100-ден астам ұнтақ, белгілі маркалардың атаулары бар полиэтилен пакеттер тәркіленіп алынды. Құқық иесі «The Procter&Gamble Company» компаниясына зор залал келтірілді. Р. Абдуллаевқа 5,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Контрафактілік тауарларды өндіру және сату – бұл көп миллиардтық айналымды қамтитын жаһандық мәселе. Бұл мемлекетке де, азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де айтарлықтай зиян келтіреді. Қауіп сонымен қатар киім мен балалар ойыншықтарынан бастап тамақ пен дәрі-дәрмектерге дейін контрафактілік өнімдердің кең таңдауында жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі контрафактіні өндіру және өткізу деректерімен күрес жүргізуде», делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.