Қоғам • 09 Қараша, 2021

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қазан айында тұрғын үй нарығындағы бағаның қалай өзгергенін есептеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Бір ай ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,9%-ға, ал абаттандырылған тұрғын үйді қайта сату 1,2%-ға өсті.

Орташа алғанда республика бойынша бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны 352 654 теңгені құрады. Бағаның өсуі 2020 жылдың қазанымен салыстырғанда 14,6%-ды құрады.

Абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы бір айда 0,9%-ға жоғары болып, бір жыл ішінде 16,9%-ға қымбаттады.