Аймақтар • 09 Қараша, 2021

Атырауда есірткі сатқан күдікті ұсталды

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Альфа РVР синтетикалық есірткі затын дайындап, сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда есірткі сатқан күдікті ұсталды

Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, жыл басынан бері сараптама қорытындысымен заңсыз айналымнан 1 келі 700 грамм есірткі алынған.

Осыған байланысты БҚО, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан келген 13 кепілгер, Өзбекстан Республикасының 1 азаматы ұсталған.

«Мәселен, 5 қарашада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп​ тыйым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысып жүрген күдіктіні ұстады. Тексеру кезінде 27 жастағы ер адамның жалдамалы пәтерде есірткі дозаларын дайындап келгені анықталды. Жалдамалы пәтерден есірткіні сатуға арналған құралдар мен құрылғылары табылды. Күдіктіден сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 300 грамды құрайтын «Альфа РVР» синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді», дейді Қамза Үмбетқалиев.

Қазір құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.