22 Ақпан, 2014

Шағын бизнесті қолдау арта түсті

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкентте «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анық­тамалық кітаптың тұсауы кесілді. Елімізде тұңғыш рет жарық көрген бұл туындыда әр саланы қамтитын 100 шағын бизнес-жоспар жарияланған. Онда кәсіпті бастауға қаржы табу көздері, кәсіпкерлікке байланысты мемлекеттік бағдар­ламалардың шарттары, құрал-жабдық­тарды жеткізу мен қамтамасыз ету, бизнесті оқыту сияқты ақпараттар жан-жақты қамтылған. Мамандар болашақта кітапты қазақ тіліне аударып, таралымын 50 мың данаға дейін жеткізуді көздеп отыр. Шағын бизнеске арналған жаңа жобалар «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламалары аясында қаржыландырылмақ. Кітапта көрсетілген жобаларды халыққа жеткізіп, олардың жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау үшін арнайы бизнес мектептерін ашу да жоспарда бар. «Бизнес мектептерінің ішінде кәсіп­керлерге қызмет көрсету орта­лығы болады. Онда жеке кәсіпкерлік ашу, салық жағынан көмектесу, заң тұрғысынан туындаған сұрақтарға жауап беру, кәсіпкерлікті дамытуға қажетті қаржыны табуға жәрдемдесу сынды мәселелердің барлығы қарастырылатын болады», – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».