22 Ақпан, 2014

1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысында 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілгені жөнінде хабарлады. Оқиға 19 ақпан күні Отырар ауданы Көксарай ауылдық округі аумағында орын алды. Sintuonik автокөлігінің жүргізушісі жүк тасымалдау кезінде рөлге ие бола алмай, «Заречное» ЖАҚ-қа тиесілі күкірт қышқылы құйылған цистернаны аударып алған. Апат салдарынан 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілді. Цистерна базаға сүйреп апарылып, қышқыл төгілген жерге топырақ себілді. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Осыған ұқсас оқиға былтыр Қызылорда облысында екі рет орын алған болатын. 15 мамыр күні мұнда 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілсе, маусым айында төгілген зиянды заттың мөлшері 34 тоннаны құраған.