Қоғам • 09 Қараша, 2021

Елордалық оқушыларға екпе салатын орындар аталды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов оқушыларды коронавирусқа қарсы вакциналау қай жерлерде жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық оқушыларға екпе салатын орындар аталды

Депутаттар қалада жасөспірімдерді вакциналау туралы ата-аналарды ақпараттандыру бойынша белсенді жұмыс басталғанын хабарлады. Осыған байланысты олар балаларды мектептерде емес, қала емханаларында егуді сұрады.

«Бұл процедураны орындау үшін ата-аналардың келісімі керек. Сондай-ақ, баланы ата-анасы ертіп келуі қажет. Бірінші кезеңде біз міндетті түрде тек емханада вакциналаймыз, өйткені вакцина жаңа», деді елордалық ДСБ басшысы.