Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды

825 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушысы Дарья Петина малдың жаппай қырылу проблемасына байланысты өз шешімін ұсынды. Оқушы хлорелла балдырларынан құрғақ жемшөп қоспасын дайындады.

Малдың жаппай қырылу мәселесінің шешімін ұсынды

– Еліміздің аридтік аймақ­та­рын­да қалыптан тыс ыстық ауа райы мен жауын-шашынның аз болуы себепті қуаңшылық орнап, малға қажетті азықтың болмауы кездеседі. Қуаңшылық, жемшөптің жоғары бағасы – бұл аймақтарда малдың азаюына, жеке табыстың жоғалуына қауіп төндіреді. Азық-түлік рационында консервіленген, ұнтақты хлорелланы қолдану мал санының қырылуына жол бермейді, – дейді автор.

Хлорелла – тірі орга­низм­дер­дің толық өсуіне қажетті фо­лий қышқылы, кальций, фос­фор, кобальт, магний, мырыш сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың кең спектріне ие балдырлар өкілі.

NIS оқушылары арасында өткен ғылыми жобалардың желілік байқауында Дарья хлорелланы өсірудің неғұрлым тиімді әдісін анықтау мақса­тын­дағы жұмысын ұсынды. Ол үшін оқушы хлорелланы төрт бөлек бес литрлік ыдыста түрлі жағдайда өсіріп көрген.

– Хлорелла өсірудің ең жылдам және тиімді әдісін табу және оны азыққа қолдану – өзекті мәселе. Хлорелла суспензиясы әрі жоғары калориялы азық қоспасы, әрі қолжетімді. Кез келген фермер хлорелланы салыстырмалы түрде төмен бағамен өсіріп, оны тыңайтқыш ретінде қолдана алады, дейді жас ғалым.

Айта кетейік, 2021 жылдың көк­тем-жаз маусымы Маң­ғыс­тау және Қызылорда облыс­та­ры­ның шаруалары үшін оңай тиген жоқ: көктемгі жауын-шашынның аздығы мен азық тап­шылығынан өңірлердегі мал шаруашылығы саласы зардап шекті. Бұдан бөлек, елдің шығыс, батыс және солтүстік бөліктерінде малдың жаппай қырылуының жекелеген жағ­дай­лары тіркелген болатын, деп хабарлады Нұр-Сұлтан Ха­лық­ара­лық мектебінің баспасөз хатшысы Құралай Исаева.