Коронавирус • 10 Қараша, 2021

Қазақстанда коронавирус бәсеңдеді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда соңғы екі айда коронавирус ауруы 3,4 есе, ал өлім-жітім 4 есе азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коронавирус бәсеңдеді

Министр атап өткендей, 222 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 105-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 101-орында тұр.

«Бүгінгі таңда халықты тестілеуге қолжетімділік қамтамасыз етілді. Зертханалардың санын 165-ке дейін арттыру есебінен зертханалық қуат тәулігіне 126 мыңнан астам зерттеуді құрайды, күн сайын 60 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі. КВИ-ға өткізілген тест саны бойынша Қазақстан әлемнің 222 елінің ішінде 47-ші орында», деді Денсаулық сақтау министрі.

Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта үш өңір (Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) бар. Төрт өңір - «сары аймақта» (Қарағанды облыстары, Ақмола облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). 10 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.

«Жалпы, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттанушылық 3,4 есе, ал өлім-жітім 4 есе төмендеді. Республика бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің - 45-тен 26%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.