Қазақстан • 10 Қараша, 2021

Нұрлан Нығматулин Франция елшісімен кездесті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесспен ынтымақтастығының перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулин Франция елшісімен кездесті

Франция еліміздің Еуропалық Одақтағы стратегиялық әріптесі болып табылатынын атап өткен Мәжіліс Спикері Қазақстан басшылығының екіжақты саяси байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударатынын атап өтті.

Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде өтіп жатқан саяси жүйені реформалау, экономиканы жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту үдерістеріне тоқтала кетті.

Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің перспективалық бағыттары туралы айта келе, тараптар көлік және энергетика, денсаулық сақтау және білім беру салаларын атап өтті. Франция елшісі Дидье Канесс атап өткендей, тұрақты даму және «жасыл» экономикаға көшу саласындағы қарым-қатынастарды дамыту басымдыққа ие. Бұдан басқа, Қазақстан мен Францияның ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл үшін әлеуеті зор.

«Біз бұл салада Қазақстан – Ұлы ауылшаруашылық елі және Франция – Еуропадағы алғашқы аграрлық ел екенін ескере отырып, аса белсенді емеспіз», деді Дидье Канесс.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, салалық комитеттер мен ынтымақтастық топтары арасындағы тұрақты кездесулер тәжірибесін жаңарту заңнамалық қызмет тәжірибесімен, оның ішінде өнеркәсіпті экологиялық трансформациялау, цифрландыру секілді мәселелер бойынша алмасуға ықпал етеді.