Коронавирус • 11 Қараша, 2021

Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан бірден 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды

«9.11.2021 жылы пневмонияның 176 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 212 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 80753, 5080 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 70490-ға жетті», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 11 қарашадағы мәлімет бойынша, 37 594 адам коронавирус инфекциясынан (32 411 КВИ+ және 5 183 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 6 879 пациент стационарда,
  • 30 715 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 505 адамның жағдайы ауыр,
  • 136 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Е