25 Ақпан, 2014

Аймақтарға сапар қорытындылары қандай?

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Тұрақты комитеттердің төра­ғалары сенаторлардың ақ­пан­ның 5-і мен 15-і аралығындағы ел аймақтарына сапары туралы есеп берді. Жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен, әлеуметтік сала қыз­меткерлерімен, ғылым және шығармашылық салалардың зиялы қауым өкілдерімен кездесулер барысында депутаттар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ха­лыққа Жолдауын іске асыру мәселелерін талқылады. Мем­лекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстарының алдында халықпен кездесулердің ерекше маңызы бар. Депутаттар жергілікті жерлерде шағын және орта бизнес кәсіпорындарын, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әлеуметтік бағ­­дарламалар мен индустриялан­дыру жобаларын іске асыру, сондай-ақ, заңнамалық тұр­ғыда шешуді та­лап ететін мәсе­ле­лермен таныс­ты. Бюрода Сенат комитеттеріне Мәжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Бюро мүшелері, сондай-ақ, Сенаттың 27 ақпанда болатын отырысының күн тәртібін де қарады. Отырыста «Жол жүрісі туралы» заң жобасы және заңнамаға жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болды.