Өнер • 12 Қараша, 2021

Интерьерлік қуыршақтар көрмесі

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Мәңгілік біргеміз» атты Халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесі өтіп жатыр. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ұйымдастырылған көрме адамзаттың ғарышқа алғаш рет ұшқанына 60 жыл толуы мен Қазақстандағы «Балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдау» жылына арналып отыр.

Интерьерлік қуыршақтар көрмесі

Аталған көрменің 2021 жылғы ресми қуыршағы көкшетаулық шебер Анастасия Елисееваның «Гагарин. Ғарышта тұңғыш рет» атты жұмысы болып отыр. Бұл қуыршақ биыл ғарышқа ұшқан ресейлік кино тобының құрамында болған актриса Юлия Пересильдке тапсырылмақ. Сондай-ақ Анастасия Елисееваның «Гагарин» топтамасынан екі жұмыс Мәскеудегі Космонавтика музейінде өтетін тақырыптық көрмеге қатысуға шақыру алды.

«Мәңгілік біргеміз» Бесінші халықаралық автор­лық интерьерлік қуыршақтар көрмесі 14 қарашаға дейін созылады.