Шығармашылық кездесу барысында қазіргі заманауи театрлардың үрдісі талқыланды. Театр қонағы бүгінгі режиссурадағы ерекше формалар, жаңа бағыттар және өзге жанрларды ұтымды пайдалану әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ қазақ сахнасы қандай өзгерістерді қажет ететіндігін және оларды қалай жүзеге асыруға болатындығы жайлы сөз қозғалды.
Лаша Чхартишвили көрерменге үйреншікті болмағанмен, театр заман талабына сай бейімделу керек деп ой білдірді. Әрқашан процесте болып, өз қолтаңбаңды қалыптастырудың маңыздылығын айтты.
Кездесу соңында театрдың жас әртістері әннен шашу шашты.