Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ескен Сергебаевтың «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жеке көрмесі ашылды. Айшықты жоба шебердің туғанына 80 жыл толуына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Көрме кейіпкері, ең алдымен, бейненің эпикалық күші өмірдің өтпелі сәттерінің романтикалық сезімдерімен үйлесетін монументалды жұмыстарымен танымал. Біздің көңілімізге қатталған Әуезов бейнесі, әл-Фараби мен Абай тұлғасы, Т.Жүргенов ескерткіші Сергебаев қолтаңбасын әйгілеген төл туындылар. Қондырғылы пластика саласында өнімді еңбек еткен оның шығармашылық жолы өмірін өнермен өргісі келгендерге айнымас үлгі.
Мүсіншінің белсенді шығармашылық қызметі 60-жылдары, қазіргі заманның қажеттіліктеріне жауап беретін, бойына образдың астарлы мәнін, эпикасы мен аллегориясын біріктіретін жаңа көркемдік стильді қалыптастыруды мақсат еткен, кеңестік өнерге талантты суретшілер мен мүсіншілердің жаңа буыны келген кезде басталды. Е.Сергебаевтың ертеректегі «С.Айтбаевтың портреті» (1967), «Абай» (1968), «Замандастың портреті» (1972) композициялары формасының жалпылығымен, сұлбаның орнықтылығымен және тұтастығымен, ішкі энергетикасымен және автордың зымыраған уақыт сезімін, әкелер мен балалар арасындағы рухани сабақтастықтың маңыздылығын жеткізуге ұмтылысымен ерекшеленеді. 80-жылдардағы еңбектерінде шебер монументалды стильге, өткен мен бүгінді философиялық пайымдауға бет бұрады.
Ескен Сергебаев 1940 жылы 19 мамырда Алматыда дүниеге келді. Н.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде Н.Журавлевтен тәлім алды. 1969 жылы И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының мүсін факультетін бітірді. 1960 жылдан Қазақ КСР Көркемсурет қорында жұмыс істеді, ал 1974 жылдан «Өнер» көркемсурет комбинатында бас суретші болды.
Көркемөнер академиясының толық мүшесі Е.Сергебаев оқытушылық қызметті белсенді атқарып келеді. 1969 жылдан бастап Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде, ал 1978 жылдан Театр және көркемсурет институтында оқытушы, кейіннен доцент болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Е.Сергебаев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында мүсін кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметін атқарады.
Экспозицияға автордың Ә.Қастеев атындағы өнер музейі қорында және өз шеберханасында сақталған әр жылдардағы 70 шығармасы еніп отыр. Тәуелсіздік тойына арналған рухани жоба желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады.
АЛМАТЫ
12 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
Әлихан Смайылов қант монополисінің қызметін тексеруді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:02
«Тобыл» Конференция лигасын ерте аяқтады
Спорт • Бүгін, 09:52
Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады
Экология • Бүгін, 09:45
«Қызыл-Жар» кипрлік клубпен тең түсті
Футбол • Бүгін, 09:35
2186 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:30
Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке сайланды
Тағайындау • Бүгін, 09:22
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар