Спорт • 12 Қараша, 2021

Конькишілеріміз жаңа маусымды Польшада бастайды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қараша конькиден Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа маусымды Польшада бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Конькишілеріміз жаңа маусымды Польшада бастайды

Польшаның Томашув - Мазовецкий қаласында лицензиялық әлем кубогі кезеңінің алғашқы жарысы өтеді. Жарыстың бірінші күнінде ерлер 500 және 5000 м бойынша, ал әйелдер 500 және 3000 м қашықтық бойынша үздіктерді анықтайды. 

500 м қашықтық бойынша ерлер арасында Кленко Александр мен Кошкин Евгени, Иван Аржаников қатысады, ал аталған дистанция бойынша әйелдер сапынан Екатерина Айдова жарыс жолына шығады. 3000 метрді бағындыруға Надежда Морозова үміткер болса, ерлер арасында 5000 м бойынша Максим Баклашкин, Бағдәулет Сағатов және Виталий Щиголев бақ сынайды. 

Айта кетерлігі, бұл лицензиялық әлем кубогінің алғашқы кезеңі болып саналады. Аталған жарыс 14 қарашаға дейін жалғасады.