Коронавирус • 12 Қараша, 2021

Алматыда вакцина салдырғандар саны 56 пайызға жетті

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қала халқының 56 пайызға жетті. Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда вакцина салдырғандар саны 56 пайызға жетті

«Бүгінгі күні қалада коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 56%-ға жетті. (вакцинацияланғандардың 48% - ы және ауырып жазылған адамдардың 8% - ы), вакцинация қарқыны тәулігіне 0,1% - ды құрайды. 2022 жылдың мамыр айында, яғни 6 айдан кейін 75% - ға қол жеткізетін боламыз», деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдарда 6-9 ай өткеннен кейін антиденелердің төмендеуі байқалатынын айтты.

«Алматыда вакцинаның екі компонентін алғандар арасында КВИ – дің 2680 жағдайы (вакцинацияның 21 күнінен кейін) және ауырып жазылған адамдар арасында КВИ-дің 360 қайталама жағдайы (аптасына 10 жағдай) тіркелді, бұл вакцинацияның баяу қарқынымен қатар COVID-19 вирусы дельта штамының мутациялануы және індеттің жаңа өршуіне жағдай жасайды. Вирустың кезекті мутациясының алдын алу үшін вакцинацияланған халықты ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап шұғыл қайта вакцинациялау қажет», деді ол.