Елорда • 12 Қараша, 2021

Елордада сотталғандарға электронды білезік қолданыла бастады

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда пробация қызметі сотталғандарға арналған электронды білезіктерді қолдана бастады. Жүйе тестілік режимде іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада сотталғандарға электронды білезік қолданыла бастады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға қатысты сот үкімімен белгілі бір орындарға баруға, яғни оқу орындарына жақындауға, түнгі уақытта үйден шығуға, пробация қызметіне хабарламай, тұрғылықты жерінен тыс жерлерге шығуға тыйым салу сияқты шектеулер қойылуы мүмкін.

«Пробация қызметінің инспекторы сотталғандардың белгіленген талаптарды нақты уақытта да, өткен кезең үшін де сақтауын қадағалай алады. Қызметкер қажетті деректерді компьютердің, планшеттің немесе смартфонның көмегімен жеке кабинет арқылы тексере алады. Егер сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса немесе білезікті зақымдауға тырысса, бұзушылық туралы белгі дереу түседі.

Белгіленген тыйым салуларды бұзу, электронды бақылау құралдарын қолданудан бас тарту немесе жабдықты бүлдіру анықталған кезде пробация қызметі оны бас бостандығынан айыру туралы мәселені қарау үшін материалдарды сотқа жібереді», делінген ведомство хабарламасында.

Министрліктің хабаралуынша бұл жаңалық қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту аясында енгізілуде. Есепке алынған адамдарды қашықтықтан бақылау құралдары (планшеттер, электронды білезіктер) сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді және пробация қызметінің бақылау сапасын жақсартады.

«Ең алдымен, білезіктер сотталғандарға, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін және жазаны өтеу шарттарын үнемі бұзатындарға қолданылады. Қалған сотталғандар үшін мобильді құрылғыларда арнайы қосымшаны пайдалану көзделеді. Қажетті жабдық жалдау негізінде пайдаланылады, бұл қызмет көрсету шығындарын едәуір азайтады.

Келесі жылдан бастап пробация қызметінің есебінде тұрғандардың бәріне электронды бақылау құралдарын қолдану практикасын кеңейту жоспарланып отыр. Барлығы 2,5 мыңға жуық электронды білезік пен 25 мыңнан астам мобильді құрылғы қажет», деп жазды Ішкі істер министрлігі.