Футбол • 12 Қараша, 2021

Бразилия әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бес дүркін әлем чемпиондары іріктеу кезеңіндегі 12 матчтың 11-інде жеңіске жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Бразилия әлем чемпионатына мерзімінен бұрын жолдама алды

Суретті түсірген Sebastiao Moreira

Бразилия футболшылары 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Колумбияны 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды 72-минутта Лукас Пакета соқты. 

Бразилия құрамасы іріктеу кезеңіндегі 12 кездесуде 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, Катарда өтетін финалдық турнирге мерзімінен бұрын жолдама алды.

Бір күнде өткен өзге кездесулерде эквадорлықтар Венесуэланы (1:0), чилиліктер парагвайлықтарды (1:0) ұтты. 

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатына немістер мен даттар жолдама алған болатын.