Әлем • 12 Қараша, 2021

Польша мен Беларусь шекарасында жағдай ушығып тұр

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу Шығыстан келген заңсыз босқындар тобы Беларусь елі арқылы Польшаға кіруге тырысқан. Олармен бірге балалар да болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша мен Беларусь шекарасында жағдай ушығып тұр

Поляк полициясының мәліметінше, Польша-Беларусь шекарасындағы босқындардың әрекеті тоқтатылған. Беларусь әскери күштері 35-ке жуық адамды күш қолданып, Польша шекарасынан өткізуге тырысқан. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

Қараша айының басында Беларусь мемлекеті арқылы Польша мен Литва шекарасында ЕО-ға кіруге тырысқан, Таяу Шығыстан келген мигранттар тобы жиналды.

Польша билігі олардың санын бірнеше мыңға жеткен деп отыр. Батыс Беларусь билігі қазіргі жағдайды «гибридті соғыс» аясында ұйымдастырды деп мәлімдейді.