Коронавирус • 12 Қараша, 2021

Вакциналау паспортында жаңа дерек пайда болады

1377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова вакциналау паспортында ревакцинация туралы деректер болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакциналау паспортында жаңа дерек пайда болады

«Ревакцинацияға қарамастан, вакцинаның екі дозасын салдырған адамда Ashyq-тағы «жасыл» статус бір жыл сақталады. Яғни, қайта вакцина алатындарға бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Тек оның қанша уақытқа созылатынын анықтау керек», деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, әлемде коронавирусқа қарсы иммунитет қаншаға созылатыны туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз.

«Сонымен қатар 7 айдан бір жылға дейін, әртүрлі деректер бар. Сондықтан деректерге сүйене отырып, Ashyq-тағы «жасыл» мәртебе бір жылға белгіленді. Кейбір жаңа деректерге сүйенсек, иә, иммунитет ұзаққа созылады, бірақ, өкінішке қарай, әлемде болып жатқан жағдайды және ревакцинацияны ескерсек иммунитет айтарлықтай ұзаққа созылмайды», деп түсіндірді Есмағамбетова.

Есмағамбетова барлық вакциналау дерегі вакциналау паспортында нақты вакцина мен вакциналау күнін көрсете отырып енгізілетінін айтты.