Әлем • 15 Қараша, 2021

«Тұжырымдамалық құжатты» қабылдады

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақ­тас­­тығы кеңесіне (Түркі кеңесі) мүше мем­ле­кеттердің басшылары жұма күні Ыс­танбұлда кездесіп, Жасыл техноло­гия­­лар мен ақылды қалаларға ерекше на­зар аударды.

«Тұжырымдамалық құжатты» қабылдады

Түркия тарапының мәлімдемесінде «Цифрлық дәуірдегі жасыл технология­лар мен ақылды қалалар» Түркі кеңесінің VIII саммитінің тақырыбы болды.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және Өзбекстан Пре­зид­енті Шавкат Мирзиёев Ыстанбұл маңындағы Мәрмәр теңізіндегі аралда Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған ұйымдастырған кездесуге қа­тыс­­ты.

Мажарстан Премьер-министрі Вик­тор Орбан мен Түрікменстан Пре­зи­денті Гурбангулы Бер­ді­мұ­ха­медов ба­қы­­лаушы мемлекеттер мәрте­бе­сіне ие өз елдерін таныстырып, саммитке қо­сыл­­ды.

Көшбасшылар барлық саладағы ын­ты­мақтас­тықты одан әрі дамыту жолдарын талқылап, келесі екі онжылдыққа арналған «тұжырымдамалық құжатты» қабылдады.