13 қараша күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында - 3 науқас. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе облыстарында - 2, Шымкент қаласында және Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда, Қостанай, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.