Әлем • 15 Қараша, 2021

Муаммар Каддафидің ұлы президент сайлауына түспек

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 жыл бұрын содырлар өлтірген Ливия басшысы Муамар Каддафидің екінші ұлы Сейф әл-Ислам Каддафи елдегі президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Муаммар Каддафидің ұлы президент сайлауына түспек

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

Басылымның мәліметінше, құжаттар елдің оңтүстік-батысындағы Сабха қаласындағы Жоғарғы сайлау комиссиясының бөліміне тапсырылған.

2020 жылдың көктемінде Ливияның бұрынғы басшысының ұлы Джамахирияның өкілдері 49 жастағы Сейф әл-Ислам Каддафи Ливияда өтетін Мемлекет басшысының сайлауына өз кандидатурасын ұсынуға ниетті екенін айтты.

Ақпан айының басында Женевада БҰҰ қолдауымен Ливия саяси диалогының форумы 24 желтоқсанға белгіленген жалпы сайлауға дейін елді басқаратын Ливияның өтпелі атқарушы билігін сайлады. Президенттік Кеңестің жаңа басшысы болып Ливияның Грекиядағы бұрынғы елшісі Мухаммад Менфи сайланды. Өтпелі үкіметтің басшысы болып ливиялық бизнесмен және саясаткер Абделхамид Дбейба тағайындалды.

2011 жылы Каддафи режимі құлатылғаннан кейін, оның өзін және туыстарын аңду басталды. Көтерілісшілер Каддафиді, сондай-ақ оның ұлы Муатасемді өлтірді. Каддафидің ұлы Хамис Триполиді бомбалау кезінде қайтыс болды. Каддафидің тағы бір ұлы әкесінің ең адал серіктестерінің бірі Сейф әл-Ислам тұтқынға алынды. Ол Ливия түрмесінде 2017 жылдың шілдесіне дейін болған.