Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтетін жекпе-жекке қатысты Кэти Тэйлор мәлімдеме жасады.
«Жылдың аяқталуын асыға күтемін. Өйткені желтоқсан айында кезекті мәрте өзіме тиесілі әлем чемпионы атақтарымды қорғайтын боламын. Келесі жылы мені ғажап шайқастар күтіп тұрғанын білемін. Алайда мен әзірге Фирузаны жеңуге тыңғылықты дайындалып жатырмын», деді ол өз ойымен бөлісіп.
10 раундқа жоспарланған кездесуде Фируза да қарап қалмайды деп ойлаймыз. Тараз қаласының тумасы кәсіби мансабында ең үлкен кездесуін өткізеді. Боксшы қыз жанкүйерлердің сенімін ақтауға барын салатын болады.