Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау департаментінің бас маманы үстінен 25 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы ,бұл шенеунік жұмыс орнында пара алу кезінде қолға түскен болатын. Ол сол кезде кәсіпкерге құрылыс лицензиясын 500 мың теңгеге сатпақ болған. Нақты айтқанда, қаржы полициясының қызметкерлері оның заңсыз ақша жинағанын, сол қомақты қаржыны өзінің жеке фермерлік шаруашылығын дамытуға жұмсағанын анықтады. Бірақ, аталған шаруашылықты туысының атына жаздырыпты.
Жалпы, ол пара алу, алаяқтық, лауазымын асыра пайдалану мен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу әрекеттері бойынша қамауға алынды.
«Жедел іздестіру шарасы кезінде өткен жылдың қыркүйек пен қазан айы аралығында Тоқмырзаевтың жеке кәсіпкерлерден 2 млн.108 мың теңге алғаны мәлім болды. Ол бұл қаражатты тексеру қорытындысына оң шешім шығару үшін және құрылыс монтаж жұмысына лицензия беру мәселесін шешу үшін талап еткен», - дейді Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясының баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.
Фото: Tengrinews.kz.
• 25 Ақпан, 2014
Қарағандыда шенеунікке қатысты 25 қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше