25 Ақпан, 2014

Шығыста жас кәсіпкерлерді қолдауға 100 млн.теңге бөлінеді

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлінгелі отыр. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады. Жергілікті өңірде кәсібін енді бастаған жастарға биыл шамамен 100 млн.теңге бөлу қарастырылған. Осы тұста мына нәрсені баса айтқымыз келеді. Өткен жылы жас кәсіпкерлерді қаржымен қамтамасыз ету ісі жақсы жетістіктердің болуына негіз қалаған. Сондықтан аталған аймақтағы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы биылғы жылы да жас кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатымен тиісті орындарға ұсыныс жолдаған екен. «Кәсіпкерлікті дамыту үшін осы жылға республикалық бюджеттен 25 млн. теңге қарастырылған болатын. Алайда, біз қосымша 90 млн. теңге бөлу жөнінде құзырлы орынға ұсыныс жолдадық. Осы іс орындалады деген үміттеміз. Өйткені, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарлама өз нәтижесін беруде», - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Шәкәрім Бұқтұғұтов. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: Altaynews.kz. Фото: Ampbo.ru.