Президент • 15 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады

1027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Ол өзінің құттықтауын Twitter-де жариялады.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», деп жазды Президент.