Кәсіпқой бокс • 15 Қараша, 2021

«Канелоға» Головкин сияқты ешкім қарсылық көрсеткен жоқ

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі украиналық былғары қолғап шебері Василий Ломаченконың катмені Расс Анбер осы уақытқа дейін мексикалық Сауль Альвареске Геннадий Головкин сияқты ешкім қарсылық көрсете алмағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Канелоға» Головкин сияқты ешкім қарсылық көрсеткен жоқ

«Шыны керек, кезінде мен Геннадий Головкинді сынадым. Алайда Абель Санчеспен сөйлескен соң және «Канелоның» Калеб Плантпен жекпе-жегін көргеннен кейін көзқарасым өзгерді. Расында «Канелоның» ең қиын жекпе-жектері Геннадий Головкинге қарсы өтті. Ол Саульге жойқын соққыларын дарытты, өзі де жіберіп алды.

«Канелоның» соңғы кездердегі шайқасын көргендіктен, Головкиннің қарсылас ретіндегі акциясы өсті деп нақты айта аламын», деді ол.

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес Геннадий Головкинге қарсы рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін қазақстандық боксшы желтоқсан айында жапониялық Риота Муратаны жеңуі керек.