Портал оқырмандары Вашингтонның мұндай қолдауы Киевке тек зиянын тигізеді деген пікірде.
«АҚШ-тың көмегінің екі түрі бар: біреуі — адам өлтіру, екіншісі — өзін-өзі өлтіруге көмектесу», деп жазды оқырмандардың бірі. «Украина өз-өзіне қол жұмсау жолына түсіп жатыр», деді алдыңғы азаматтың пікірін қостаған тағы бір сайт қолданушысы.
Гуанчтың кейбір оқырмандары АҚШ «отқа май құйып отыр» деп санайды.
«Екі тарап арасындағы ұрысты бақылап отырған «жақсы адам» біреуіне ас үй пышағын берді», деді тағы бір оқырман. «Америка Құрама Штаттары отқа май құйып жатыр. 80 тонна оқ-дәрі жіберілді. Бірақ мәселе мынада, бұл мөлшердегі көмек тіпті шағын тактикалық операцияларды жүзеге асыруға жетпейді», деп жазды тағы бір белсенді.
«Сексен тонна оқ-дәрі Ресейге қарсы алғашқы атыс үшін ғана жетеді. АҚШ тарапы Украинаны мазақ етіп отыр», деп түйіндеді оқырмандардың бірі өз пікірін.
Көптеген пайдаланушылар бұған дейін Украинада қуатты әскери-өнеркәсіптік кешен болғанына назар аударды. Бірақ қазір елдің шет мемлекеттерден көмек күтіп отырғанына таңданыс білдірді.
Тамыз айының соңында Пентагон басшысы Ллойд Остин президент Джо Байден Киевке 60 миллион доллар сомасындағы жаңа әскери көмек пакетін мақұлдағанын айтқан болатын. Оның ішінде «Javelin» портативті танкке қарсы зымыран кешендерін жеткізу қажеттігін тапсырғанын да жеткізді Остин. 2014 жылдан бастап Вашингтон бұл мақсаттарға екі жарым миллиардтан астам доллар бөліпті-мыс.