Тәуелсіздік • 16 Қараша, 2021

Тәуелсіздік саябағы тұрғындарға қуаныш сыйлады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» саябағы ашылды. Аталған саябақ – өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазфосфат» ЖШС демеушілігімен салынған. Нысанның жалпы құрылысына 80 млн теңге жұмсалған. Ал саябақтың аумағы 1,15 гектарды құрайды. Жаңа ашылған саябақ бұдан былай қала тұрғындарының серуендейтін, демалатын орнына айналмақ.

Тәуелсіздік саябағы тұрғындарға қуаныш сыйлады

Нысанның ашылу салтанатына қала тұрғындарымен қатар Жамбыл облысының әкімі Берді­бек Сапарбаев, «Қазфосфат» кәсіп­орнының бас директоры Нұрхан Нұрланов және Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты. Өз сөзінде Б.Сапарбаев елімізде, оның ішінде Әулиеата өңірін­де атқарылып жатқан барлық шаруа тәуелсіздіктің жемісі еке­нін, Мемлекет басшысы да аймақ­тарға тиісті көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар егемендіктің тойына орай Қаратау тұрғындарына осын­дай керемет саябақты тарту еткен «Қазфосфат» кәсіпорнының бас­шы­­лы­ғына алғысын жеткізді. Ал Нұрх­ан Нұрланов мұндай игі іс­тер­дің алдағы уақытта облыс ор­­­та­лығы Тараз қаласында және Сары­су ауданының Жаңатас қала­­сын­­да жүзеге асырылатынын атап өтті.

Тәуелсіздік саябағы заман талабына сай салынған. Саябақ алаңына текшетастар төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ онда жайлы орындықтар, жарық бағаналары, қоқыс жәшіктері мен балаларға арналған әткеншектер орналасқан. Одан бөлек, футбол мен баскетбол стадиондары және стрит воркаут алаңшалары бар.

 

Жамбыл облысы