Аймақтар • 16 Қараша, 2021

Құрылыс қарқын алды

430 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алғалы 30 жылда Маңғыстау облысында 11 млн 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Әсіресе тұрғын үй құрылысы облыс орталығында қарқынды жүруде. Ақтауда соңғы бес жылда жаңа 11 шағын аудан бой көтерді.

Құрылыс қарқын алды

Облыс әкімінің баспасөз қыз­ме­ті­нің мәліметінше, 2021 жылдың жос­па­ры 1,201 мың шаршы метрді құ­ра­са, биылғы 10 айдың қо­ры­тындысы бо­йын­ша 954 мың шаршы метр тұр­ғын үй тапсырылған. Сондай-ақ 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын да­мытудың 2020-2025 жылдарға ар­нал­ған мемлекеттік бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 2,4 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражат көлемі 23,5 мың шаршы метрлік 305 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына және 67 пәтер сатып алуға жұм­салды.

«Нұрлы жер» бағ­дар­ла­масы бо­йынша Ақтау қала­сы­ның жаңа ша­ғын аудандарында жаңадан са­лын­ған тұрғын үйлерді инженерлік желі­лермен қамтамасыз етуге респуб­ли­калық бюджеттен бөлінген 3,2 млрд теңге толық игерілген. Ал биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­­дар­ламасы аясында 1 407 пә­терлік тұрғын үйлердің құ­­рылысын аяқтау жос­пар­лан­­ған.

– Қаланың жаңа шағын аудандарында жеке құрылыс салушылардың қатысуымен 100-ден астам көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүр­гі­зілуде. Олардың белгілі бір бөлігі осы жыл­дың соңына дейін пайдалануға беріледі. Инженерлік желілердің құ­рылысына Ұлттық қордан 4,5 млрд теңге бөлінді. Орталық мем­ле­кеттік органдар 13 жобаны іске асыруға келісім берді. Барлық жоба жыл соңы­на дейін аяқталады деп кү­тілуде, – дейді Маңғыстау облысы құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бас­қармасы басшысының міндетін атқа­ру­шы Айнұр Манкешова.

Құрылыстың қар­қын­ды­лы­ғы және сәулет-сымбаты маңызды десек те, үйсіздердің баспаналы болуы ал­дыңғы қажеттілік. Сон­дық­тан Маң­ғыс­тау облы­сында салынып жат­қан тұр­ғын үйлер үйсіз­дер­дің мәсе­лесін шешуге сеп болса дейміз.

 

Маңғыстау облысы