Пандемия басталғалы Ақтөбе облысында 34 649 адам ауырып шықса, оның 76,4%-ы симптомды түріне шалдыққандар. Науқастанғандардың арасында 40-49 жас арасындағылар КВИ-ге ең көп шалдыққан. Пандемия басталғалы оқушылар арасында 981 жағдай тіркелсе, 156 мектептен вирус жұқтырған оқушылар анықталды. Оның 73%-ы қала мектептерінен, 27%-ы аудан мектептері оқушылары арасынан шықты. 15 мектеп сыныбы карантинге жіберіліп, оқушылар оқшауланды.
Ақтөбе облысы «жасыл аймақта» қалып отыр. Соңғы аптада аурудың төмендеуі байқалады. Соған қарамастан бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Ashyq жүйесі бойынша «сары» статустағы 105 адамның карантин талаптарын бұзғаны анықталып, қоғамдық ортада жүрген «қызыл» статусы бар 118 адамға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Жалпы, пандемия басталғалы карантин талаптарын бұзғандарға 5 206 824 теңге айыппұл салынды. Қараша айы басталғалы Ақтөбе облысында коронавирус індеті бәсеңдеу байқалса да, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қайта күрделеніп барады. Соңғы онкүндікте Ресей мен Еуропа елдерінде, Украинада індеттің өршуі байқалады. Төңіректегі ахуал еліміз тұрғындарынан да қарапайым сақтық ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Бұрынғысынша адамдардың бетперде киюі, арақашықтық сақтау, дезинфекциялық қорғаныш заттарын қорғанудан қашпаған жөн.
Ең басты қорғаныш – екпе алу. Бір айта кетерлігі, жалпы, індетке шалдыққандар арасынан екпе алған 129 адам ауырып шықты. Екпе алып, сырқатқа шалдыққандар арасында өлім жағдайы тіркелмеген. Бұл барлық тіркелген ауру санының 0,12 пайызын құрады. Осы көрсеткіш вакцинаның тиімділігін дәлелдеді. Індет басталғалы Ақтөбе облысында 34 649 жағдай тіркелсе, соның ішінде 0,12 пайызы вакцинаның толық курсын алғандардан шықты. Коронавирусқа қарсы екпе алған 129 тұрғынның сырқатқа шалдығуы жалпы осы індетпен тіркелген барлық ауру санының 10-12%-ын ғана құраған.
Ақтөбе облысы