Президент • 16 Қараша, 2021

Президент КҚК-ның үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Каспий құбыр консорциумының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент КҚК-ның үздік қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Атап айтқанда, «КҚК-К» АҚ бас директорының Қазақстан Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК» АҚ бас директоры Николай Горбань І дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК-К» АҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету менеджерінің орынбасары Рафаэль Уәлиев «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Саламат Алтынсалиев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», ал «КҚК-К» АҚ «Теңіз» мұнай өткізу стансасының бастығы Оңдасын Шақан мен станса технигі Бақтыбай Айтажанов, «КҚК-К» АҚ «Құрманғазы» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Ғалымжан Сәрсенбаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды.

Ал «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасының операторы Олег Қарабасовқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше