Ақтас кенті маңындағы Қарағанды - Саран - Шахтинск тасжолында Nissan Sunny жеңіл автокөлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысқан.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan Sunny автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, автобусқа соғылған.
Жол апатынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Көлік қатты бүлінген, қайтыс болған адамның мәйітін құтқарушылардың көмегімен алуға тура келген.
«Оқиға кезінде автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Іс полицияда тіркеліп, сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.