Әлем • 16 Қараша, 2021

Өзбекстан халқы Конституция бойынша жалпыұлттық емтихан тапсырады

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың желтоқсан айында Өзбекстанда жалпыұлттық конституциялық емтихан өтеді, деп жазады Egemen.kz uza-ға сілтеме жасап.

Өзбекстан халқы Конституция бойынша жалпыұлттық емтихан тапсырады

Елдің Әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, министрлік Конституциялық сотпен бірлесіп, азаматтардың Конституцияны білу деңгейін тексеру үшін жалпыұлттық конституциялық емтихан өткізбек.

Емтиханға 15 жастан асқан барлық азамат қатыса алады және ол ерікті түрде, тегін сонымен қатар барлығына ашық болмақ. Жоспарға сай емтихан екі кезеңмен ұйымдастырылады. Бірінші кезең 1 желтоқсан күні Ташкент уақытымен сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін онлайн режимде өтеді. Осы аралықта қатысушыларға 20 тест сұрағы және 1 шығармашылық сұрақ беріледі. Екінші кезең Конституция күні қарсаңында өтіп, онлайн трансляцияланады. Әр қатысушыға 10 сұрақ қойылады.

Соңында ең жоғары нәтиже көрсеткен 3 қатысушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады: І орын – 15 миллион сум (602 409 теңге); ІІ орын – 10 миллион сум (401 606 теңге); ІІІ орын – 5 миллион сум (200 803 теңге).