«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 17 қарашада оңтүстікте, шығыста, орталықта, 18 қарашада Қарағанды облысының басым бөлігінде қар, боран, көктайғақ күтіледі.
Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел 17 қарашада оңтүстікте, шығыста, облыс орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп болады.
19 қарашада ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 17-22, облыстың солтүстік-шығысында 25, күндіз 10-15, облыстың солтүстік-шығысында 18 аязға дейін күтіледі.
18 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында боран соғады.
Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп.
19 қарашада ауа температурасының күрт төмендеуі түнде 17-22, облыстың солтүстік-шығысында 25, күндіз 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 22 аязға дейін күтіледі.