Спорт • 16 Қараша, 2021

Футбол: Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстаннан басым түсті

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстаннан басым түсті

Бүгінгі кездесуде құрамалар ойын басынан бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды. Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін тиімді пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты. Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездескен.

Олардың барлығы да жолдастық кездесулер. Төрт кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, бір ойында тең нәтиже тіркелген.