Технология • 16 Қараша, 2021

Жасанды интеллектінің әлеуметтік саладағы мүмкіндіктері

834 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде жасанды интеллектіні компаниялар қызметінде пайдалану мүмкіндіктері артып келеді. Әсіресе өнімдерді даярлау мен қызмет түрлерінде, сонымен қатар өнімдердің сипаттамасын арттырып, жаңа түрлерін әзірлеудегі ықпалы зор.

Жасанды интеллектінің әлеуметтік саладағы мүмкіндіктері

McKinsey компаниясының деректеріне сүйенсек, жасанды интеллект әсіресе сервистік операциялармен қатар маркетинг және сауда саласында тиімділігін көрсетіп отыр. Яғни ақпараттық коммуникациялық технологияларды клиенттік деректерді сараптау барысында жиі қолданған компаниялардың табысы жылы­на 5-20 пайызға дейін өсім берген. Осы орайда компаниялардың 20 пайызға жуығы жасанды ин­теллектіні клиенттік базасын сараптауда қолданса, ал 14 пайыздан астамы клиенттер сегменті үшін пайдаланған.

Бүгінде көптеген ел жасанды интеллектіні пайдалануда көшбасшы болуға ұмтылуда. Америка, Ұлыбритания, Жа­по­ния сияқты елдерде инно­вациялық технологиялар мен ғыл­ыми зерттеулерге инвести­ция көлемі жыл сайын артып келеді. Сонымен бірге жасанды интеллектімен айна­лысатын шағын және орта биз­нес өкіл­деріне де жеңілдіктер қа­рас­ты­рылған. Мысалы, Қытайда 2030 жылға қарай 20 млрд доллар шамасында мемлекеттік қор құ­рылып, жасанды интеллектіні да­мытудағы жобаларға қомақты қаражат қарастырылып отыр. Са­рапшылар Қазақстанда да бұл бағытта серпілісті аңғаруға болатынын айтуда. Яғни 2030 жылға дейін жасанды интеллект технологиялары мен терең­детілген сараптама ІЖӨ-нің 5-6 пайызға жетуіне мүмкіндік береді. Осы орайда мамандар жа­санды интеллектіні пайдалану азаматтардың әл-ауқатының жақ­саруына да ықпалын жоққа шы­ғар­майды. Бұл ретте салада айтарлықтай жетістіктерге жету үшін білікті мамандар қажет. 2030 жылға қарай елімізде 5-10 мың­ға жуық деректер бойынша сарапшылар, 20 мыңнан астам деректер жүйесін әзірлеушілер, 5 мыңнан аса зерттеушілерге сұраныс арта түсетін болады. Осы орайда саланы дамыту өз ке­зегінде мемлекет тарапы­нан қолдауды қажет ететін болса, бизнес өкілдері мен қызығушылығы бар сегменттің белсенділігі аса қажет.

Соңғы он жылда басқа индустриялармен салыстырғанда табысты болған ақпараттық ком­муникациялық технология­лар ал­дағы онжылдықта да қарқын ала­тыны сөзсіз. Жасанды интел­лектімен байланысты компания­лар акцияларының орташа жыл­дық кірістілігі 2010-2021 жылдары басқа секторлардан басым түсіп, шамамен 15 пайызды құраған. Мысалы, S&P секторлары бо­йынша акциялардың жылдық та­бысы ақпараттық техно­логиялар саласында – 15, ұзақ мерзімге пайдаланатын тұтынушы тауарлары – 13, күнделікті пайдаланатын тұтынушылар тауары – 10, денсаулық саласы – 11, өнеркәсіп, коммуникация салаларында 9 пайызға жеткен. Сарапшылар­дың бағалауы бойынша алдағы онжылдықта технологияларға са­­лынатын инвестиция көлемі ұл­­ғайып, кәсіпорындардың да са­ны арта түседі. Яғни дәстүрлі ин­дустрияға қарағанда digital-ойын­шыларда инвестиция көлемі ар­тады. Осылайша, ақпараттық ком­муникациялық технология­лар ландшафты кеңейе отырып, қызмет көрсету саласында бә­се­келестік өседі. Осы орай­да са­­рап­шылар нарықта бәсе­келес­тік­тің жоғары болуы мен оны иге­ру­дің күрделілігіне қара­мас­тан, онжылдықтардан кейінгі әле­уеті 3 трлн долларға жетуі ық­­ти­мал деген болжам жасауда. Әри­не, бұл нарықта бә­секелестік қалып­тас-
тыра біл­ген компаниялар айтар­лықтай табысқа кенелетіні сөзсіз.

Жоғарыда атап өткеніміздей, дәстүрлі форматтан digital алаңға көшкен компаниялар сервистік модельге және бұлтты есептеулерге ауыса бастайды. Nextgen жаңа буын сервистері 6 есеге дейін өседі. Яғни AI/ML, деректер сараптамасы, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, IoT-based қызметтер, AR/VR, блокчейн-сервистер және де тағы басқалар. Егер технологиялық және бұлтты сервистерде ірі ойыншылар қатысқан болса, жаңа буын сервистері сегментіндегі нарық өте жас, сондықтан да бұл алаң көгілдір мұхит іспеттес деп санайды сарапшылар. Дегенмен жаңа технология жарқын болашаққа деген сенімділікке басымдық бер­генімен, саланың қаперге алатын тұстары да бар. Мысалы, жеке деректердің қауіпсіздігіне қатысты құпиялық сала – ойыншыларын алаңдатып отырған басты жайт. Қазіргі кезде бұл мәселе көшбасшы елдер нарығында жиі пікірталас туғызуда. Осыған қарамастан, 2030 жылға дейін ақпараттық технология саласының экспоненциалды өсуінің драйвері бола алатын жүздеген жаңа технология мен бағыт пайда болды. Бұл әлем бойынша венчурлық капиталистер белсенді инвестиция салатын сегменттер болмақ. Қазірдің өзінде венчурлық инвестиция нарығында қызмет түріндегі банкинг, жастар банкингі, орта­лық­сыздандырылған қаржы көз­дері, баспананы баламалы қаржыландыру, баспана нарығындағы краудфандинг, шағын сақтандыру, сөйлейтін банкинг сияқты жаңа салалар пайда болып, белгілі бір деңгейде өз орнын таба бастады.