«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды
Кеше жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне барып, партияның Павлодар облысындағы филиалының кезектен тыс XIV конференциясына қатысты. Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, «Нұр Отан» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту және өмір сапасын жақсарту мақсатында жұмыс жүргізуде. Ал облыс орталығында өткен жәрмеңкеде 70-ке жуық кәсіпорын 600-дей жұмыс орындарын ұсынды. Оның ішінде, 400-ге жуық мүгедек жанды оқытып, жұмыс тауып беру мәселесі де шешілмекші. Біздің облыста 30 мыңға жуық мүгедек бар. Қимыл-қозғалысында аздаған қиындық бар демесеңіз, олардың көбі еңбекке жарамды адамдар. Облыста бұл күндері 1 мың мүгедек қана жұмыспен қамтылған. Өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Облыста «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасына қатысуға да басымдық берілген. Өткен жылы бағдарлама шеңберінде 5,2 млрд. теңге бөлініп, 1257 адам жұмысқа орналастырылыпты. Сөйтіп, облыс орталығындағы жұмыс берушілер тарапынан ұйымдастырылған жәрмеңкеге жиналғандардың арасында іздеген жұмысын тауып, қуанып қайтып жатқандар да болды. Ал, «Нұр Отан» партиясы жалпы еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі 5000 адамды жұмыспен қамтуды алдарына мақсат етіп қойыпты. Б.Байбектің айтуынша, әр облыс мүмкіндігі шектеулі 500 адамға лайықты жұмыс тауып бере алса, онда бұл мақсаттың орындалғаны деуге болады. Партия еліміздегі мүмкіндігі шектеуді жандарды жұмыспен қамтуға айрықша мән беруде. Елбасы Жолдауы енді біздің қоғамның да өркениет талаптарына сай мүмкіндік жасап, мүгедек жандарды да қатарға қосып, ортаға алуға шақырады. Бұл жұмыстарға нұротандықтар өз үлесін қосады. Сондай-ақ, партия өз алдына мүмкіндігі шектеулі, денсаулығында мүкісі бар балалар үшін инклюзивті білім беруді кезек күттірмес міндеттердің бірі ретінде қойып отыр. Сондықтан да, жұмыс сапарының алғашқы нысаны диагнозы өте ауыр балаларға медициналық-психологиялық және педагогикалық тұрғыда кешенді көмек көрсететін «Самал» оңалту орталығы болды. Орталық Қазақстанның рекордтар кітабына оңалту жұмыстарына тұңғыш рет «ғарыштық» костюмдер технологиясын пайдаланған орта ретінде кіріп отыр. Жұмыс жасап жатқан ширек ғасыр уақыттан бері мұнда 4,5 мың бала ем-дом алып, 10 тәрбиеленуші оңалту мен баулу үдерістерінен кейін осында заңгер, есепші, психолог, ЭВМ операторы және т.б. есебінде жұмыс атқарып, қалып қойған. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыруда. Аталған жоба айналысқа енген алғашқы айдың өзінде 500-ден аса мүгедек жан жұмысқа тұрып үлгерді. Жамбыл облысындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде тағы да мүмкіндігі шектеулі 200 кісі жұмысқа тұрды. Павлодарда партия Төрағасының бірінші орынбасары мүгедек азаматтардың жұмыспен қамтылуы бойынша облыста қолға алынып жатқан іс-шаралармен танысып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысушылармен жолықты. «Біз жыл сайын 5 мың мүгедек жанның жұмысқа орналасуына қол жеткізуді көздеудеміз. Бүгінде мемлекет, азаматтық сектор, бизнес мүмкіндігі шектеулі жандарды белсенді әлеуметтік ортаға тарту мәселесін бірлесіп шешуі керек. Партия бұл үдерісті үйлестіруге барлық ресурстарын жұмсайтын болады. Партия Доктринасында көрініс тапқан құндылық – ынтымақтастық дегеніміз осы», деп атап өтті Б.Байбек. Жұмыс сапары барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен кездесіп, өңірлермен бейнеконференция өткізді. Іс-шара барысында «Нұр Отан» фракциясының өңірлердегі жұмысының күшейтілуі керектігі баса айтылып, партияның сайлауалды тұғырнамасы мәселелерінің сарапшы топтар жиындарында қаралатыны хабарланды. Күннің екінші жартысында Б.Байбек партияның Павлодар облысындағы филиалының кезектен тыс XIV конференциясына қатысты. Кездесу барысында шараға қатысушыларға партия Төрағасының бірінші орынбасары қазіргі таңда өңірлердегі жұмысқа айрықша көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті. Атап айтқанда, бастап мақсат өңірлік филиалдардың тиімділігін арттыру және қоғамдастықпен жұмыс жүргізіп, жергілікті жерлердегі шынайы ахуалды мониторингтеу екендігі көлденең тартылды. «Елбасының мемлекеттік бағдарын тиімді іске асыру үшін партия жобалық-мақсаттық әдіске негізделген жаңа жұмыс пішініне көшті. Яғни, соңғы нәтиже мен нақты сайлаушыға анық бағдарлау маңызды саналады. 1 наурызда «Нұр Отан» партиясына 15 жыл толады. Бұл еліміздің өсіп-өркендеуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қолданбалы істердің жылы болады», деді Б.Байбек. Сондай-ақ, конференцияда партияның Павлодар облысы филиалының төрағасы болып облыс әкімі Қанат Бозымбаев сайланды. Б.Байбек облыстық филиал басшысына партияның жаңа үлгідегі билетін табыс етті. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші бой көтерді
Әдебиет • Бүгін, 09:20
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше