26 Ақпан, 2014

Көне қала жаңа келбетке енбек

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

IMG_6136

Түркістанға жолы түскен жандар Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың басына барып, рухына тәу етіп кеткенді жөн көреді. Ер Түріктің бесігі Түркістанға өткен жылы 701 мыңнан астам турист келіпті. Яғни, арғы жылмен салыстырғанда киелі қалаға қыдырып келушілердің саны 15 пайызға артқан деген сөз. Бұл, әрине, Түркістанда туризмнің түтіні түзу ұшып, қала көркейіп, қызмет көрсету деңгейі жыл санап дамып келе жатқанын білдірсе керек. Қаланың көркейіп, түрленіп келе жатқанын мұндағы құры­лыс­тың қарқынына қарап та білу­ге болады. Туризмді дамыту мақ­сатында мұнда қолөнер орта­лығының құрылысы жүргізіліп, іс­ке қосылған. Бұдан бөлек, 200 орынға арналған туристерге қыз­мет көрсету орталығы салынуда. Өт­кен жылы бұл өңірде 3 мектеп ғимараты салынып, 28 мекеме­ге күрделі және ағымдағы жөн­деу жүргізіліпті. «Балапан» бағдар­ламасының аясында 5 балабақша пай­далануға беріліп, қала бойын­ша 3-6 жастағы баланың 65,1 пайы­зы мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған. Әсіресе, ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана іске қосылғаны түркістандықтарды ерекше қуант­ты. Бұдан бөлек 200 төсектік көп бейінді балалар ауруханасының құрылысы жүргізіліп, 3 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілген. Жергілікті бюджет есебінен орталық кітапхана ғимараты салынды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 10 ауылдық клуб ағымдағы жөндеуден өткен. Енді бүгінде облыс бюджетінен 260 млн. теңге бөлініп «Жабық жүзу бассейнінің» құрылысы жүргізілуде және жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 222 млн. теңгені құрайтын спорттық сауықтыру кешені салынуда. Сондай-ақ, 80 пәтерлі және 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй құрылысының бой көтеріп келе жатқаны Алла бұйыртса, ал­дағы уақытта бұл қалада бір қауым ел қоныс той тойлайтынын айғақтап тұрғандай. «Тұрғын үйді жаңғырту» бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Міне, осынау қаптаған құ­ры­лыс­тың бәрі көне Түркістанның жаңа заманға сай келбетін, сәулетін жасап, ажарын аша түсуде. Ең бас­тысы, халықтың игілігі үшін жаса­лып жатқан бұл тірліктердің қарқыны еш толастамайды, жал­ғасын таба береді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.