Футбол • 17 Қараша, 2021

«Астана» ФК бюджеті туралы мәлімдеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан біршама уақыт бұрын бірқатар БАҚ-та «Астана» футбол клубының бюджеті туралы ақпарат тараған болатын. Дереккөздер клуб бюджеті аяқталған маусымда 15 миллиард теңгені құрағанын жазған. Осы ақпаратқа байланысты клуб өзінің бюджеті жайлы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана» ФК бюджеті туралы мәлімдеді

«Бірнеше БАҚ-та «Астана» футбол клубының бюджеті 15 миллиард теңге» деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Команданың 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңге көлемінде болды», дейді клуб өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік елордалық команда аяқталған маусымда Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдегері атанған болатын.