Өнер • 18 Қараша, 2021

Өмірге ғашық өрендер

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Иран Ислам Респуб­ликасындағы Елшілігі қазақстандық «Аялаған алақан» қоғамдық қайырым­дылық қорының бастамасымен әрі қолда­уымен Тегеранның «Зәрна» көркемөнер гале­реясында «Әлем балалар көзімен» атты қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балалардың сурет көрмесін өткізді.

Өмірге ғашық өрендер

Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры ұсынған балалардың сурет­тері қойылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай ұйымдастырылған көрме балалар­дың арманы мен өмірге деген құштар­лығын ашуды мақсат етті. Көрмеге қойыл­ған туындыларды ирандық өнер, білім қайрат­керлері, іскер топтар өкілдері, Қазақстан азаматтары мен Ирандағы қазақ диаспорасының өкілдері тамашалады.

Қазақстандық балалардың шығармашы­лығымен танысқан заң ғылымдарының докторы, профессор Саййед Хасан Амин, мүсінші Фатеме Асади және өзге де ирандық қайраткерлер жас дарындардың қылқаламынан өмірге деген іңкәр көзқарас байқалады деп баға берді.

Соңғы жаңалықтар

Екі дос

Қоғам • Бүгін, 20:35

Шаруашылығы шалқыған күн туар

Шаруашылық • Бүгін, 19:53