Коронавирус • 18 Қараша, 2021

Ақмолаға Pfizer-дің 35 мыңнан астам дозасы әкелінеді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы оқу жылының басынан бері Ақмола облысында оқушылар арасында КВИ жұқтырудың 1202 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолаға Pfizer-дің 35 мыңнан астам дозасы әкелінеді

Өңірдің 34 мектебінде 43 сынып қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Ал өткен тәулікте тағы төрт жасөспірімде инфекция анықталды.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпараты бойынша, өткен жылмен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында ауру 18 есеге, 15-тен 17 жасқа дейін 25 есеге өсті.

«Бүгінгі таңда аурудың өсуін тек вакцинация азайта алады, бұл тиімділігін бірнеше рет дәлелдеді. Жақында Ақмола облысына Pfizer/BioNTech вакцинасы әкелінеді. Аудандарға вакциналарды медициналық ұйымдар бойынша сақтау, тасымалдау бойынша нұсқаулықтар, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау тәртібі берілді», деп хабарлады ведомстводан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған препаратты вакцинациялаумен барлығы 66 мыңнан астам адам қамтылатын болады, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер – 47 мың, жүкті әйелдер – 8,3 мың, лактация кезеңінде әйелдер – 10,8 мың.

Облыстың бас педагогы Бейбіт Жүсіпов атап өткендей, балаларды вакцинациялау ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі.

«Вакцинация ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің ерікті ақпараттық жазбаша келісімінен кейін облыстың білім беру ұйымдарында және егу пункттері желісінде жүргізілетін болады, деді ол.

Айта кетсек, өңірге ультра төмен температуралық режимді қолдайтын 2 мұздатқыш камерасы келіп түсті. Вакциналарды тасымалдауға 2 авторефрижератор тартылған. Жақында вакцинаның 35 100 дозасы жеткізіледі деп күтілуде.