Қоғам • 18 Қараша, 2021

Министр жанармай бағасының реттелмейтінін айтты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанар-жағармай бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиев бензин мен дизель отынының бағасы реттелмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр жанармай бағасының реттелмейтінін айтты

«Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылық. Баға бойынша қазір жүйелі өзгерістерді әзірлеп жатырмыз және ең маңыздысы мынада:

  • біріншіден, қазір үш мұнай өңдеу зауытында жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың шарттарын анықтау керек;
  • екіншіден, материалдық-техникалық резерв базаны қалыптастыру;
  • үшіншіден, жанар-жағармайды бақылау, әрбір мұнай базасында тиісті құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет», деді сенаторлар сауалдарына жауап берген энергетика министрі.

Мағзұм Мырзағалиев жыл аяғына дейін жарияланған жоспарлар бойынша тиісті өзгерістер енгізілетінін айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Таңдаулылар төрге шыққан күн

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Шілтөбе – Мекемтас биігі

Тағзым • Бүгін, 07:55

Жүргізушісі жоқ такси

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

10 жастағы құтқарушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Музейдегі гранат

Жәдігер • Бүгін, 07:40